18.7.2013
Əməkdaşımızın kitabı haqqında
Qazaxıstanda nəşr olunan “Dala men Kala” qəzeti 10 iyul 2013-cü il sayında AMEA Folklor İnstitunun əməkdaşı Əli Şamilin Almatıda çap olunan “Axısqalı Xəstə Hasan” və Bakıda çap olunan “Türkçülüyün qurbanları (Qazaxıstan)” kitablarını oxucularına tanıtmışdır. Qazaxıstan EA Ədəbiyyat və İncəsənət İnstitutunun aparıcı elmi işçisi, filologiya üzrə fəlsəfə doktoru Akedil Toyşanulının yazısını aşağıda veririk.
***
Қазақ осы, танып қой!
 Жуықта Әзірбайжан республикасы ҰҒА Фольклор институтының Халықаралық қатынастар бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, белгілі көсемсөзші Али Шамилоғлы елімізде ғылыми іссапарда болып қайтты. Али Шамилоғлы сталиндік қуғын-сүргін құрбаны болған Ақысқа түріктерінің баба ақыны Қаста Хасан туралы «Ақысқалық Қаста Хасан» деген көлемді зерттеу еңбек жазып, осы кітабының тұсаукесерін Алматы облысы Талғар қаласында өткізіп, бұл өңірдi мекендейтін әзірбайжан, түрік ағайындармен дидарласты. Сонымен бірге ол М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында қонақта болып, институт директоры, филология ғылымдарының докторы У.Қалижанов бастаған бір топ әріптестерімен кездесу жасап, екі елдің фольклоры, әдебиеті саласында ортақ жұмыстар атқару туралы уәделестікке қол жеткізді.
Али Шамилоғлының «Түркі жұртының құрбандары. Қазақстан» деген осы жылы Бакуде шыққан кітабы ұлт азаттық күресі жолында құрбан болған қазақ елінің көрнекті тұлғаларына арналыпты. Бұл қайраткерлер туралы ғалым Түркия мен Әзірбайжан республикасының халықаралық ТРТ радиосынан да тізбекті хабарлар ұйымдастырып, алаш ардақтыларын Баку мен Анадолы аспанынан тұрақты насихаттапты. Түркі халықтарының бірлігін әлемге паш ететін бұл радио хабар тыңдарманға қолайлы түс әлетінде 12-13 сағат аралығында «Түркі жұртының мәшһүрлері» деген айдар аясында 2010 жылдың 22-наурызынан бастап әуе толқынында таратылып келеді. Ғалымның бұл еңбегіне Кенесары, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқай, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатұлы, Нәзір Төреқұлов, Санжар Аспандияров, Оспан батыр бастаған оншақты тұлғаның өмірбаяны мен шығармашылығы арқау болған.
Автор: Ақеділ ТОЙШАНҰЛЫ |